1.Білесің жаныма ыстықсың өрттей,
Жүректі шарпыдың айықпас дерттей.
Бір өзің жаралап, бір өзің емдейсің неге, жаным,
Қасымда қалшы кетпей.
Қ-сы:
Жанымнан жырақтамашы,
Көзіңнен сыр ақтарғансың,
Сен сүйтіп ұнап қалғансың, жаным.
Келдің ғой, кетем демеші,
Бәрі де бекер демеші,
Жүректе мекендегенсің, жаңым.
2. Жолыңа қараймын жанарым талмай,
Бірге өткен сәттерге ынтығып балдай.
Қасымда болсаң да аңсатып сағындырған, жаным,
Япыр-ау жансың қандай?