ТҮСIМЕ НЕГЕ КIРЕСIҢ?
Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Әуелай Оспанова.
Перiште ме ең, пенде ме ең,
Сезiмiм сөнбей сен деген.
Түсiме жиi кiресiң,
Өңiмде оймен сенделем.
Қайырмасы:
Жаныңнан сөнбей бiр есiм,
Аһ ұрып, аңсап жүрерсiң.
Бөлексiң қазiр бiрақ та,
Түсiме неге кiресiң?
Сағымға сенiп алданам,
Қанатым талып қарманам.
Сен десе бөлек әлемiм,
Сүйкiмдi сенсiз болмаған.
Қайырмасы.
Кеудесiн мұңы жаныштап,
Күңiрендi тағы таныс бақ.
Жылжуыменен жылдардың
Барасың менен алыстап.